KZ. AMANAT: «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРҒА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ
2026 жылдың 26 наурызында, «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек»
партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың өзекті мәселелеріне заң аясында көмек көрсету және қоғамдағы әлеуметтік түйткілдердің шешілуіне ықпал ету.
Қабылдауға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, мәслихат депутаты, фракция
жетекшісі Талғат Балтабаев, Қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Жазира Салибаева қатысты. Сонымен қатар, сала мамандары – Адвокаттар алқасының адвокаты Бауыржан Мархабаев, Әділет департаментінің бөлім басшысы Қыстау Құрбанбек, «Zangerler palatasі» заң консультанттар палатасының заң консультанты Алима Еркиновна Шеримбетова
және Шымкент қаласы бойынша атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Қасымхан Әбілқасым тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар әртүрлі құқықтық мәселелермен жүгінді. Олардың қатарында алаяқтардың құрбанына айналғандар, банк алдындағы берешегін өтей алмай жүргендер, алимент өндіру мәселесінде қиындыққа тап болғандар бар. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, тиісті заңгерлік кеңестер берілді.
Мамандар әр мәселені жеке қарастырып, нақты шешу жолдарын ұсынды. Нәтижесінде бірқатар мәселелер сол жерде оң шешімін тапса, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер арнайы хаттамаға енгізіліп, партиялық бақылауға алынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың мәселелерін жедел шешу бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
#AMANAT
***
RU. AMANAT: В РАМКАХ ПРОЕКТА «ПРАВОВАЯ ПОМОЩЬ» ГРАЖДАНАМ ОКАЗАНЫ ЮРИДИЧЕСКИЕ КОНСУЛЬТАЦИИ
26 марта 2026 года в рамках партийного проекта «Правовая помощь» партии «AMANAT» был организован очередной общественный приём. Основная цель мероприятия — повышение правовой грамотности граждан, оказание помощи в решении актуальных вопросов в рамках закона и содействие решению социальных проблем в обществе.
В приёме приняли участие заместитель исполнительного секретаря Шымкентского городского филиала партии Ербол Байконусов, депутат маслихата, руководитель фракции Талгат Балтабаев, консультант общественной приёмной Жазира Салибаева. Также граждан принимали профильные специалисты: адвокат коллегии адвокатов Бауыржан Мархабаев, руководитель отдела департамента юстиции Кыстау Курбанбек, юрконсультант Палаты юридических консультантов «Zangerler palatasі» Алима Еркиновна Шеримбетова и частный судебный исполнитель исполнительного округа города Шымкент Касымхан Абилкасим.
Граждане, пришедшие на приём, обратились с различными правовыми вопросами. Среди них — пострадавшие от мошенников, лица, испытывающие трудности с погашением банковских задолженностей, а также граждане, столкнувшиеся с проблемами при взыскании алиментов. Каждое обращение было внимательно выслушано, даны соответствующие юридические консультации.
Специалисты рассмотрели каждую ситуацию индивидуально и предложили конкретные пути решения. В результате ряд вопросов был решён на месте, а обращения, требующие дополнительного изучения, внесены в протокол и взяты на партийный контроль.
По словам организаторов, подобные общественные приёмы будут проводиться на регулярной основе. Работа по защите прав граждан и оперативному решению их проблем будет продолжена.
#AMANAT






