KZ. 2025 жылдың 31 қазанында Шымкент қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 12 мекенжайында орналасқан «Көрме орталығы» ғимаратында, «Халық заңгері» атты республикалық акциясы өтті. Іс-шара барлық азаматтар үшін ашық форматта ұйымдастырылып, қатысушылар заңгерлерден, адвокаттардан, нотариустардан, сондай-ақ құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдерінен тегін кеңес алды.
«Zangerler palatasi» заң консультанттар палатасының заң консультанттары Ақниет Әбдіразаққызы Ақылбекова мен Нұржан Серікұлы Шертімов те, «Халық заңгері» акциясына белсенді қатысып, тұрғындарға өз кәсіби көмектерін көрсетті.
Акция барысында азаматтарға банкроттық, отбасы, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнамалар бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, құқықтарды қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және заң көмегін алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, құқықтық мәдениетті арттыру мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын күшейту – «Мықты мемлекет қорғалған азаматтан басталады» қағидасына негізделеді. «Халық заңгері» жобасы 2016 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және бүгінде республика көлемінде кеңінен танымал.
***
RU. 31 октября 2025г. в выставочном центре «Көрме Орталығы», что на проспекте Нурсултана Назарбаева 12, в г. Шымкент состоялась республиканская акция «Народный юрист».
Мероприятие было организовано для всех желающих — гражданам предоставлялись консультации от юристов, адвокатов, нотариусов, представителей правоохранительных и государственных органов. Юридические консультанты Палаты юридических консультантов «Zangerler palatasi» Ақниет Абдразаққызы Ақылбекова и Нуржан Серикович Шертимов также приняли активное участие в акции «Народный юрист» в лице. В ходе мероприятия жители получили консультации по банкротству, семейному, трудовому, земельному, гражданскому и административному законодательству. Также были разъяснены пути защиты прав, порядок обращения в госорганы и возможности получения юридической помощи. Повышение правовой культуры и информированности — как отмечает организаторы: «сильное государство начинается с защищённого гражданина». Проект «Народный юрист» существует с 2016 года и охватывает всю республику.
Нуржан Серикович Шертимов
Ақниет Абдразаққызы Ақылбекова
