KZ. 07.02.2026ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасына арналған академиялық тыңдаулар өтті. Тыңдауды заң факультетінің деканы Уалихан Ахатов ашты.

Баяндамалар жасап, сөз сөйлегендер қатарында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттары: Унзила Шапак, Ерлан Саиров және Ермұрат Бапи қатысты. Талқылауға сондай-ақ заң ғылымдарының докторы, профессор Алуа Ибраева; заң ғылымдарының кандидаты, профессор Лейла Күлтемірова; заң ғылымдарының кандидаты, доцент Архат Әбікенов; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доценті, PhD құқық докторы, «Zangerler palatasi» заң консультанттары палатасының мүшесі Даулетбай Уразгалиевич Рыскалиев, сондай-ақ Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы Талғат Давлетниязов қатысты.
Талқылау қорытындысы бойынша сараптамалық ұсыныстар мен талдамалық материалдар ұсынылды. Алдағы уақытта оларды ғылыми-талдамалық, сараптамалық-консультативтік және ағартушылық қызметте, сондай-ақ конституциялық құқық пен мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулерде пайдалану жоспарлануда.
Айта кету керек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-білім беру әлеуеті жоғары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі беріліп, университеттің 2022–2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді.
RU. 02.2026г. В Казахском национальном университете имени Аль-Фараби состоялись академические слушания, посвящённые проекту новой Конституции. Слушания открыл декан юридического факультета Уалихан Ахатов.

С докладами выступили депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан Унзила Шапак, Ерлан Саиров и Ермурат Бапи. В обсуждении также приняли участие доктор юридических наук, профессор Алуа Ибраева; кандидат юридических наук, профессор Лейла Культемирова; кандидат юридических наук, доцент Архат Абикенов; доктор права (PhD), доцент кафедры гражданского права и гражданского процесса, трудового права КазНУ имени Аль-Фараби, член Палаты юридических консультантов «Zangerler palatasi» Даулетбай Уразгалиевич Рыскалиев, а также судья Алатауского районного суда города Алматы Талгат Давлетниязов.
По итогам обсуждения были даны экспертные предложения и аналитические материалы. В дальнейшем их планируется использовать в научно-аналитической, экспертно-консультативной и просветительской деятельности, а также в исследованиях в области конституционного права и государственного управления.
Следует отметить, что Казахский национальный университет имени Аль-Фараби обладает значительным научно-образовательным потенциалом.
Постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2022 года КазНУ имени Аль-Фараби был присвоен статус исследовательского университета, а также утверждена Программа развития университета на 2022–2026 годы.
#ДаулетбайРыскалие
#РыскалиевДаулетбай
#https://farabi.university/news/102323?lang=ru
#проектновойКонституции
#ДаулетбайУразгалиевичРыскалиев
#Zangerlerpalatasi
#МинистерствоЮстицииРК

Құтты болсын аға марапат
Елге тисін жүрсін шапағат
Ар қашан нұлы жүзіңіз жарқырап
Ала беріңіз таусымайтын марапат