KZ. 14.05.2026ж. «ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНІ» акциясы
Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекованың бастамасымен Тұран ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында «Тегін заң көмегі күні» атты акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған іс-шара барысында Шымкент қаласының заң консультанттары, адвокаттары, жеке сот орындаушылары, нотариустері, сондай-ақ әділет органдарының бөлім басшылары мен мамандары тұрғындарға тегін құқықтық кеңестер беріп, азаматтардың өзекті мәселелері бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде, «Zangerler palatasi» заң консультанттары палатасының мүшелері де қоғамдық маңызы зор бұл акциядан тыс қалмай, азаматтарға кәсіби құқықтық көмек көрсетті. Атап айтқанда, палата мүшесі Ерлан Шәріпбекұлы Алтынбек мырза қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тұрғындарға құқықтық кеңестер беріп, акцияның жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.
Акция барысында азаматтар төмендегі мәселелер бойынша құқықтық көмекке жүгінді:
- жер телімдеріне қатысты даулар;
- көше жол қозғалысы ережелеріне сәйкес бағаналар орнату мәселелері;
- тұрғын үйлердің ресми құжаттарының болмауына байланысты мәселелер;
- банктік және микроқаржы ұйымдарына қатысты даулар;
- отбасылық-құқықтық мәселелері бойынша.
Аталған «акция» тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын түсіндіруге және халық пен құқық қорғау институттары арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық іс-шаралардың бірі болды.
#ZangerlerPalatasiЗаңКонсультанттарПалатасы
#ZangerlerPalatasi
#ШымкентӘділетДепартаменті
#ҚРӘділетДепартаменті
RU. 15.05.2026г. Акция «ДЕНЬ БЕСПЛАТНОЙ ЮРИДИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ»
По инициативе руководителя Департамента юстиции города Шымкента Айнур Исабекова в жилом массиве Жанаталап, относящемся к району Туран, была организована и проведена акция «День бесплатной юридической помощи» с целью повышения правовой грамотности населения и оказания гражданам бесплатной юридической помощи.
В ходе данного мероприятия адвокаты города Шымкента, юридические консультанты, частные судебные исполнители, нотариусы, а также руководители отделов и специалисты органов юстиции предоставили жителям бесплатные юридические консультации и провели разъяснительную работу по актуальным вопросам граждан в рамках законодательства.

В свою очередь, члены Палаты юридических консультантов «Zangerler palatasi» также не остались в стороне от данной общественно-значимой акции и оказали гражданам профессиональную правовую помощь. В частности, член палаты Ерлан Шәріпбекұлы Алтынбек в соответствии с требованиями действующего законодательства предоставил жителям правовые консультации и внес свой вклад в проведение акции на высоком уровне.
В ходе Акции граждане обращались за юридической помощью по следующим вопросам:
- споры, связанные с земельными участками;
- вопросы установки столбов в соответствии с правилами дорожного движения;
- проблемы, связанные с отсутствием официальных документов на жилые дома;
- споры с банковскими и микрофинансовыми организациями;
- семейно-правовые вопросы.
Данная акция стала одним из важных общественных мероприятий, направленных на формирование правовой культуры населения, разъяснение требований законодательства и укрепление взаимодействия между населением и правозащитными институтами.
#ПравлениеПалатыЮридическихКонсультантовZangerlerPalatasi
#ZangerlerPalatasi
#ДепартаментЮстицииШымкент
#МинистерствоЮстицииРК
